Жаңалықтар

Көктемнің алғашқы күні колледжге бірлік пен берекенің шуағын шаша келді. 1 наурыз -Алғыс айту күнін Мақат мұнай және газ технологиялық колледж студенттері шынайы көңіл күймен қарсы алды. Биылғы жылы бұл күн елімізде екінші рет тойланып отыр. Колледж студенттері ізгі тілектерге толы жүрекшелер арқылы мерекеге өзіндік үлестерін қосты.

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы қалыптасуының 20 жылдығы" тақырыбына сәйкес дөңгелек үстел болып өтті

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік кезінде "Шын жүректен" тақырыбында Доссор кентіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау мақсатында шара өтті.

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 8 наурыз әйелдер мерекесіне орай салиқалы да сабырлы, өнегелі де өнерлі, ибалы да инабатты, тәлім тәрбиесі мол, көреген келіндерді анықтау мақсатында «Пай, пай шіркін қазақтың келіндері-ай» атты байқауы болып өтті.

"Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ Атырау облыстық филиалы мен "Ақсұңқар" ҚҚ ұйымдастыруымен 25.02 күні Атырау облыстық "Көңілді тапқырлар клубы" ойнының "Маусымашар-2018" фесиваліне Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен "Доссор құрамасы" қатынасып "Премьер лига" ойындарына жолдама алды.

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 8наурыз мерекесіне арналып "Колледж аруы - 2018" байқауы өтті.

Колледжде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арнап «Мен елімді сүйемін» тақырыбында әскери- патриоттық әндер байқауы болып өтті.